Қазақстандық мергендер құрлық біріншілігінен тағы бір алтын жеңіп алды

1357

Жасөспірімдер арасында сынға түскен Никита Чирюкин құрлық үздігі атанды.   

Қазақстандық мергендер құрлық біріншілігінен тағы бір алтын жеңіп алды

Нысана көздеуден Катар астанасы Дохада өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы бір алтын еншіледі деп жазады Olympic.kz

Жасөспірімдер арасында сынға түскен Никита Чирюкин құрлық үздігі атанды. Ол 25 метрге тапанша көздеуден Азияның алтынын иеленді.  Күмісті Оңтүстік Корея өкілі Гунхек Ли алса, қоланы үндістандық Харш Шупта жеңіп алған. 

Айта кетелік, бүгін Константин Малиновский де құрлықтық турнирде топ жарған болатын.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу