Аталған сында қазақстандық мергендер де жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Olympic.kz.
"Траншеялық стенд" жаттығуында сынға түскен қазақстандық Виолетта Ягодарова турнирдің қола жүлдгері атанды. Ол италиялық Гая Рагаззини мен Мария Лусия Пальмитессаны алға жіберіп, үшінші сатыдан көрінген.
"Дубль-трап" жаттығуы бойынша жүлдені қазақстандық спортшылар өзара бөлісті. Алтын медальді Қызылорда облысынан келген Айжан Досмағамбетова иеленсе, күмісті Маңғыстау облысының өкілі Ольга Сабельникова еншіледі. Қола жүлдені алматылық Юлия Мариянк иеленді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу