Қазақстандық миллиардер ағылшын футбол клубының иесі атанды

3760

Қазақстандық миллиардер Михаил Ломтадзе "Уиком Уондерерс" клубы акциясының бақылау пакетін сатып алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық миллиардер ағылшын футбол клубының иесі атанды Фото: sports.kz

Клубтың ресми ресурстары Ағылшын футбол лигасы (EFL) мақұлдағаннан кейін Михаил Ломтадзе, Эдуард Вышняков пен Дэн Райс клубтың директорлар кеңесінің құрамына кірді.

Сонымен қатар мәлімдемеде Ломтадзенің иелігіндегі Blue Ocean Partners II Limited компаниясына "Уиком Уондерерс" клубы акцияларының 90 пайызы тиесілі екені айтылған.

Айта кетейік, "Уиком" 1 ағылшын лигасында (ағылшын клубының үшінші дивизионы) өнер көрсетеді. Клубтың ең жоғары нәтижесі Ағылшын кубогының 2000-01 маусымдағы жартылайы финалына дейін жетуі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу