Қазақстандық мобильді қосымшаның шотынан 1 миллион теңге ұрланды

1000

Қазақстандық мобильді қосымшаның шотынан 1 миллион теңге ұрланды

"Rahmet" мобильді қосымшасын белгісіз береулер бұзып, шотынан 1 миллион теңгеге жуық қаржы жымқырған, деп мәлімет таратты компанияның баспасөз қызметі. Ұрылар "RahmetKazakhstan" ЖШС компаниясының айналым қаражатының бір бөлігін иемденгені белгілі болды. Сонымен бірге, мобильді қосымшаға техникалық зақым келген. Бұл туралы "ҚазАқпарат" ХАА хабарлады.

Қазіргі уақытта "Rahmet" мобильді қосымшасы өз қызметін жалғастыруда, алайда кейбір өңірлерде техникалық ақаулардың болуы әбден мүмкін. Бастапқы болжам бойынша, мобильді қосымша шотынан шамамен бір миллион теңге ұрланған. Компания менеджменті шығынның нақты сомасын анықтап жатыр. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Еске сала кетсек, "Rahmet" мобильді қосымшасы 14 қыркүйекте іске қосылған. Содан бері бағдарламаға 80 мың пайдаланушы тіркелген. Осы қосымшаның көмегімен қолданушылар смартфонында жарнама көреді, сондай-ақ сол үшін оған ақы төленеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу