Қазақстандық мұғалім әлемдік жұлдызбен хит ән жазбақшы

372

Розалия – 80-нен астам түрлі музыкалық марапаттарға ие испан әншісі. 

Қазақстандық мұғалім әлемдік жұлдызбен хит ән жазбақшы Фото: Коллаж: inbusiness.kz

Қазақстандық битмейкер Eraholic (Абай облысындағы биология пәнінің мұғалімі Ерқанат Садуханов) халықаралық әртістер жобасында музыкалық мансап жасамақшы. Dual Line-мен сәтті ынтымақтастықтан кейін Eraholic бүркеншік атымен танымал битмейкер испандық жұлдыз Rosalia-дан жұмыс істеуге шақырту алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, оған "Bizcochito" және "Despecha" хит әндерінің орындаушысы өзі хабарласқан. Жеке әңгімеде ол ұсынысты қабылдағанын, бірақ келісімшартқа қол қою процесі ұзаққа созылуы мүмкін екенін айтты.

Розалия испан тілді әнші болғандықтан, әніміз латын мотивімен, дәлірек айтсақ, реггитон жанрында болуы әбден мүмкін. Бұл жанр Қазақстанға енді ғана еніп жатыр деуге болады, - деді ол.

Розалия – 80-нен астам түрлі музыкалық марапаттарға ие испан әншісі. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – екі Грэмми мүсіншесі. Spotify профилінде әртістің ай сайын 24,5 миллионға жуық тыңдаушысы бар, ал ең танымал трек – Despecha бір миллиардтан астам тыңдау жинады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу