Қазақстандық мұнай KEBKO атауымен экспортталатын болады

828

Бұл Ресейге қарсы санкциялар аясында санкциялық тәуекелдер мен қаржыландыру мәселелерін болдырмау үшін жасалып отыр. 

Қазақстандық мұнай KEBKO атауымен экспортталатын болады

ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Қарабаев "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы (ҚМГ) және басқа да қазақстандық мұнай компаниялары шикізатты экспортқа жөнелту кезінде мұнайдың шығу тегі туралы сертификатта бұл мұнайдың қазақстандық екенін атап өту үшін KEBKO (Kazakhstan Export Blend Crude Oil) атауын көрсететінін мәлім етті.

"Маусым айынан бастап ҚМГ және басқа да қазақстандық компаниялар ілеспе құжаттарда мұнайдың шығу тегі туралы сертификатта KEBKO (Kazakhstan Export Blend Crude Oil) мұнайдың қазақтан шыққанын баса көрсету үшін көрсетіледі деп шешті. Сатып алушылардың сұрақтары жоқ", – деді ол сейсенбі күні өткен брифингте.

Бұған дейін Reuters агенттігі Қазақстанда Ресейге қарсы санкциялардың енгізілуіне байланысты Ресейден шыққан мұнайдан ажырату және санкциялық тәуекелдер мен қаржыландыру мәселелерін болдырмау үшін Ресей теңіз порттары арқылы экспортталатын мұнай брендінің атауын өзгертетінін хабарлаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу