"Дружба" дұрысталмай тұр: Энергетика министрлігі түсінік берді

131

Мұнай жеткізу екінші желі арқылы жалғасқан. 

"Дружба" дұрысталмай тұр: Энергетика министрлігі түсінік берді Фото: canva.com

Энергетика министрлігі Польшада қазақстандық мұнай өтетін "Достық" құбырынан ақаудың шығуына байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрліктің мәліметінше, 1 желтоқсанда Пневы қаласы маңында "Дружба" жүйесінің батыс бөлігінде, Шведт мұнай өңдеу зауытына жеткізілетін мұнайдың төгілуі анықталды.

"Зақымдалған желі бойынша мұнай тасымалдау тоқтатылды. Мұнай жеткізу екінші желі арқылы жалғасты. Екінші желінің техникалық мүмкіндіктері мұнай айдауды толық көлемде қамтамасыз етеді. 2024 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша осы бағытта қазақстандық мұнайды жеткізу кестеге сәйкес толық орындалды",  делінген хабарламада.

Желтоқсан айына жоспарланған мұнай жеткізу 2024 жылғы 20-30 желтоқсан аралығында жүзеге асады деп күтілуде.

Айта кету керек, осыған дейін Польшада қазақстандық мұнай өтетін "Достық" құбырынан ақау шыққанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу