Қазақстандық "Ниваның" Қытайда халі қалай?

615

Үш жыл бұрын көрші елге мыңнан аса машина жеткізілген.  

Қазақстандық "Ниваның" Қытайда халі қалай?

Forward Cars инстаграм желісінде Қытайдағы жабық тұрақтардың бірінде тұрған Lada 4x4 Urban-ның суретін жариялады. Машинаға жергілікті нөмір тағылған.

Көліктің бізге таныс ақпараттық тақтайшасы көз тартады. Жол талғамайтын машина Өскеменде жасалғанын бірден аңғаруға болады.

Отандық компания 2017 жылы аспан асты еліне 220 дана Lada 4x4-ті экспорттады. Қытайда ол 4.8-5.5 млн теңгеге бағаланған. Әу баста 3 500 автокөлік Қытайға жіберіледі деп жоспарлаған, бірақ қауіпсіздік және экологиялық талаптар қатаңдап, жоспар жүзеге аспай қалды.

Жол талғамайтын көліктер екінші нарықта да кездеседі. Мысалы, 17.7 мың шақырым жол жүрген 2017 жылғы машина 10 мың юань, яғни 7 млн теңге тұрады.

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу