Қазақстандық оқушы Еуропалық математикалық олимпиадада топ жарды

110

Аталған олимпиадаға 19 елден 21 команда, жалпы саны 126 оқушы қатысты. 

Қазақстандық оқушы Еуропалық математикалық олимпиадада топ жарды Фото: gov.kz

2026 жылғы 23-29 сәуір аралығында Литва Республикасының Вильнюс қаласында алғаш рет European Mathematical Olympiad өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қатысушы мемлекеттер қатарында Албания, Армения, Болгария, Эстония, Финляндия, Франция, Грузия, Исландия, Ирландия, Қазақстан, Косово, Латвия, Литва, Солтүстік Македония, Норвегия, Польша, Словения, Швейцария және Украина бар.

Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, командалық есепте 1-орынды жеңіп алды. Құрама қоржынына 3 алтын және 2 күміс медаль түсті. Қазақстан құрамасының бұл жарқын жеңісі халықаралық білім аренасында елдің зияткерлік әлеуетінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

  • Олимпиаданың абсолют жеңімпазы атанған – Марғұлан Шарел, Астана қаласындағы Spectrum International School 12-сынып оқушысы;
  • Алтын медаль – Эльдар Усенов, Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;
  • Алтын медаль – Эрик Лим, Алматы қаласындағы Haileybury мектебінің 11-сынып оқушысы;
  • Күміс медаль – Ерасыл Алтынбек, Алматы қаласындағы Nurorda мектебінің 11-сынып оқушысы;
  • Күміс медаль – Ануар Ағыбаев, Алматы қаласындағы Nurorda мектебінің 10-сынып оқушысы.

Құрама жетекшілері:

  • Ярослав Гальберг, Қазақстан-Британ техникалық университетінің 4-курс студенті; 
  • Асхат Абдыкулов, Алматы қаласындағы №165 мамандандырылған лицейінің математика пәні мұғалімі.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу