Қазақстандық оқушылар 30-шы халықаралық "Туймаада" олимпиадасының жеңімпаздары атанды

424

"Туймаада" олимпиадасы 1994 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан жарысқа 2004 жылдан бері қатысып келеді. 

Қазақстандық оқушылар 30-шы халықаралық "Туймаада" олимпиадасының жеңімпаздары атанды Фото: ulus.media

Қазақстандық оқушылар математика, химия және информатика пәндері бойынша 30-шы халықаралық "Туймаада" олимпиадасының жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Олимпиадаға Ресей, Румыния, Қазақстан, Сингапур, Индонезия елдерінен 215 оқушы қатысты. Біздің еліміздің атынан республиканың әр өңірінен 80 оқушы қатысып, 4 алтын, 14 күміс және 15 қола медальдар жиынтығын жеңіп алды.

Олимпиада екі күнге созылып, екі турдан тұрды. Әр турда қатысушыларға 5 астрономиялық сағат ішінде үш-төрт есеп шығару ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу