АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін FIRST дүниежүзілік роботехника чемпионатына қазақстандық 50-ге жуық оқушы қатысады, деп жазады inbusiness.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Чемпионат үш жас санаты бойынша өтті. Кішкентай балалар санатында алматылық оқушылардан құрылған Adeptus Mechanicus тобы АҚШ-та өтетін басты жарысқа жолдама жеңіп алды. Ортаңғы санатта басты жүлдені алматылық "Play 4 Energy" тобы иеленді. Бұл санаттарда Шымкент қаласының Clutch және қарағандылық JelToqSun топтары АҚШ-тың Worcester Polytechnic Institute-де өтетін АҚШ-тың ашық чемпионатына жолдама алды. Ал, 12-18 жас санатындағы басты жүлдегерлер – алматылық AENTA және NIS Kyran топтары", – деді USTEM Robotics қорының жетекшісі Асылбек Мурзахметов.
Ақпаратқа сәйкес, 9 команда Австралия, Марокко, АҚШ, Индияда өтетін халықаралық ашық чемпионаттарға жолдама алған.