"Мұрагер" Қарағанды мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушылары Массачусетс штатында (АҚШ) өткен US Open FIRST Lego League халықаралық чемпионатында үшінші орынға ие болды. Оқушылар өзекті энергетикалық мәселелердің инженерлік шешімін тапты.
Қарағандылық JelToqSun командасы жел электр станциясының жобасын дайындап Champions Award бас номинациясында қола жүлдеге ие болды.
– Чемпионатқа алты айдан астам уақыт дайындалдық. Үш күндік жарыстар біз үшін өте қызықты өтті. Қарсыластар мықты болды. Бірақ біз қобалжуымызды жеңіп, қабілеттерімізді көрсете алдық. Роботтар бойынша көшбасшылардың бірі болдық. Олар өздерінің инновациялық жобаларын лайықты түрде ұсынды, – деді "Мұрагер" ММЛИ 8-сынып оқушысы Ақбар Ермеков.
Шымкент НЗМ өкілдері Чемпионаттың қола жүлдегерлері атанды. Команда Innovation Project номинациясы бойынша үшінші орынға ие болды.
Сондай-ақ, жарыс арасында оқушылар MIT, Boston University және Harvard сияқты беделді оқу орындарының инженерлік факультеттеріне барып, профессорлық құраммен жеке танысты. Олар жобаның құзыретті бағасын және қажетті кеңестер алды.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды командасы ҚР Білім Министрлігінің қолдауымен жыл басында USTEM Robotics робототехника Қоғамдық Қоры ұйымдастырған FIRST Central Asia Орталық Азия ойындарында халықаралық чемпионатқа жолдама алды.