Қазақстандық оқушылар әлемдегі ең ірі робототехника чемпионатында ел намысын қорғайды

197

Байқауға қатысушының ең кішісі – небәрі 6 жаста. 

Қазақстандық оқушылар әлемдегі ең ірі робототехника чемпионатында ел намысын қорғайды Фото: Оқу ағарту министрлігі

Қазақстаннан жеті команда АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін FIRST Championship атты мектеп оқушыларына арналған ең беделді инженерлік жарысқа аттанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биыл чемпионат 110 елден келген 50 мыңнан астам жас инженер мен өнертапқыштарды біріктірді. 2025 жылғы маусымының тақырыбы – суасты әлемін зерттеу және қорғау.

Биыл Қазақстан бұл байқауға бұрын-соңды болмаған ауқымда – бірден 7 командамен қатысып отыр. Жолдаманың көбеюі – еліміздің мектеп робототехникасының халықаралық беделі артып келе жатқанын көрсетеді.

"Біздің командалар – маусымның басты фавориттері. Қазақстанның қоржынына тағы да жүлделер мен жеңістер қосылады деп үміттенеміз", – деді USTEM Foundation қоғамдық қорының жетекшісі Асылбек Мурзахметов.

Қазақстан құрамасы Орталық Азия чемпионаты – Almaty Tech Cup нәтижесінде іріктелді. Ел атынан қатысып жатқан командалар: Atlantis – "Сатурн" мектебі, Павлодар қаласы;
PID – Назарбаев зияткерлік мектебі, Алматы қаласы;
Cristabol – Назарбаев зияткерлік мектебі, Алматы қаласы; Skillset – "Skillset" мектебі, Астана қаласы;
JelToqSun және Rasslexx – "Мұрагер" мектебі, Қарағанды қаласы.

Айта кетейік, Қазақстан – FIRST GLOBAL робототехникасынан 190-нан астам ел қатысатын әлем чемпионатының үш дүркін жеңімпазы: Женева (2022), Сингапур (2023), Афина (2024).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу