Қазақстандық оқушылар астрономия және астрофизика пәнінен олимпиадада жеңімпаз болды

690

Польшада астрономия және астрофизика (IOAA) бойынша 16-Халықаралық олимпиада аяқталды. 

Қазақстандық оқушылар астрономия және астрофизика пәнінен олимпиадада жеңімпаз болды Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Оған әлемнің 50 елінен 250-ден астам мектеп оқушылары қатысты.

Қазақстан құрамасы жыл сайын "Бөбек" орталығының обсерваториясында оқу-жаттығулардан өтеді. Биылғы жылы біздің оқушылар халықаралық додада екі медаль жеңіп алды:

  • Күміс – Ахмаджон Табаров – Алматы қаласындағы НЗМ оқушысы,
  • Қола – Елубай Бекасыл – Алматы қаласындағы НЗМ оқушысы.

Астрономия және астрофизика бойынша халықаралық олимпиада жыл сайын әлемнің жоғары сынып оқушылары арасында өткізілетін жарыс. Мектеп оқушылары теориялық тапсырмаларды орындап, деректерді талдап, бақылаулар жүргізді.

IOAA-ның негізгі мақсаты - астрономия мен астрофизиканының танымалдылығын арттыру. Биыл байқауға әлемнің 50 елінен 250 қатысушы қатысты. Қазақстан құрамасы бұл олимпиадаға 2012 жылдан бері қатысып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу