"Оқушыларымыз Дүниежүзілік гимназиадада 85 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 32 алтын, 32 күміс және 21 қола. Еліміздің құрамасы 3-орынға тұрақтап, үздік үштікке енді. Турнир кестесінде алтын және күміс медальдар саны бойынша Қазақстан 3-орында, ал қола медаль саны бойынша 5-орында",- деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.
Асхат Аймағамбетов ұлттық құраманың басшылығы қатысушыларға тағы 2 алтын медальді қайтарып беру үшін апелляция бергенін жеткізді.
"Балаларымыз Гимназиадаға алғаш рет қатысса да, ел намысын лайықты дәрежеде қорғап, жоғары нәтижелер көрсете білді. Олар әлемнің 70 елінен келген 3,5 мың оқушымен бақ сынасты",- деп қосты ведомство басшысы.
Министр оқушыларымызды әлемдік гимназиададағы жеңістерімен және жоғары жетістіктерімен құттықтады. Сондай-ақ, ұстаздарға, жаттықтырушыларға мен ата-аналарға алғыс айтты.