Қазақстандық оқушылар EGMO-2024 қыздарға арналған халықаралық математикалық олимпиадада төрт медаль жеңіп алды

211

Жарысқа 54 елден 212 оқушы қатысты. 

Қазақстандық оқушылар EGMO-2024 қыздарға арналған халықаралық математикалық олимпиадада төрт медаль жеңіп алды Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Бүгін Цхалтубо қаласында (Грузия) EGMO-2024 қыздарға арналған халықаралық математикалық олимпиада өз мәресіне жетті.

Қазақстан құрама командасында төрт оқушы мен екі жетекші бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан командасының қоржыны 4 медальға толықты:

  • Күміс медаль - Анастасия Одинцова - Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;
  • Күміс медаль - Амира Кенбаева – Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы;
  • Қола медаль - Арай Қасенова – Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 11 сынып оқушысы;
  • Қола медаль - Аружан Батырхан - Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9 сынып оқушысы.

Айта кету керек, EGMO алғаш рет 2012 жылы Кембриджде ұйымдастырылды. Қазақстан олимпиадаға 2017 жылдан бері қатысып келеді. Осы жылдарда  Қазақстан құрамасы 3 алтын, 11 күміс, 12 қола медаль және 4 құрмет грамотасын иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу