Қазақстандық оқушылар Еуропадағы география олимпиадасында тарихи нәтижеге қол жеткізді

417

2026 жылғы 27 маусым мен 3 шілде аралығында Болгарияның Варна қаласында өткен Еуропалық география олимпиадасына (European Geography Olympiad, EGeo) 13 мемлекеттен 100 оқушы қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық оқушылар Еуропадағы география олимпиадасында тарихи нәтижеге қол жеткізді Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның 9 оқушыдан құралған ұлттық құрамасы 2 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, команданың барлық мүшесі жүлдегер атанды. Бұл – Қазақстанның Еуропалық география олимпиадасына қатысу тарихындағы ең үздік нәтиже.

Олимпиада барысында қатысушылар физикалық, әлеуметтік-экономикалық және аймақтық география бойынша теориялық және практикалық тапсырмаларды орындап, картографиялық материалдар мен географиялық деректерді талдау дағдыларын көрсетті.

Алтын медаль иегерлері:

  • Андрей Енбахтов – Қостанай қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы;
  • Сырым Амантай – Қарағанды облысындағы Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.

Күміс медаль иегерлері:

  • Дарын Бекбол – Жетісу облысы, Талдықорған қаласындағы Мұхтар Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушысы;
  • Азамат Жумажанов – Ақтөбе облыстық "Білім-инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
  • Айдос Серікбай – Алматы облысы, Есік қаласындағы А. Мәлкеев атындағы "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
  • Шыңғыс Мүрсәлім – Павлодар қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы;
  • Нұрай Бакеева – Солтүстік Қазақстан облыстық "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

Қола медаль иегерлері:

  • Амир Дарынов – Шығыс Қазақстан облыстық "Білім-инновация" лицейінің 11-сынып оқушысы;
  • Алан Козленко – Шығыс Қазақстан облыстық "Білім-инновация" лицейінің 11-сынып оқушысы.

Ұлттық құраманы жарысқа география пәнінің мұғалімі Нұрмағамбет Данат Мұратұлы (IQanat High School of Burabay) мен "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Шайхина Орал Бекболатқызы дайындап, жетекшілік етті.

Еске салайық, 2025 жылы Қазақстан құрамасы аталған олимпиадада 1 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған болатын.

Қазақстан құрамасын тарихи жетістігімен құттықтап, алдағы IGeO 2026 халықаралық география олимпиадасында жаңа жеңістер тілейміз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу