Қазақстандық оқушылар Еуропалық физика олимпиадасына қатысуда

365

2026 жылғы 12-16 маусым аралығында Швеция Корольдігінің Гётеборг қаласында 10-шы Еуропалық физика олимпиадасы (European Physics Olympiad, EuPhO 2026) өтуде.

Қазақстандық оқушылар Еуропалық физика олимпиадасына қатысуда Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Беделді халықаралық зияткерлік жарысқа әлемнің 40-тан астам елінен 200-ден астам оқушы мен команда жетекшілері қатысуда. Олимпиада теориялық және эксперименттік кезеңдерден тұрады. Қатысушылар физика заңдарын терең меңгеру деңгейін, стандартты емес есептерді шешу, эксперименттік деректерді талдау және ғылыми мәселелерге тың шешімдер ұсыну қабілеттерін көрсетеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы мүшелері:

  • Сейтқамит Арғын – Астана қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы;
  • Әбдіқадыр Таир – Қостанай облыстық дарынды балаларға арналған "Білім-Инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
  • Сабыров Мерген – Астана қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
  • Досхан Ернар – Алматы қаласындағы дарынды балаларға арналған "Білім-Инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
  • Жоламан Абылайхан – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы.

Құрама жетекшілері:

  • Бейсенов Бекмырза Ұласбекұлы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы;
  • Исмағұлов Темірлан Айдарұлы – халықаралық олимпиадалардың жүлдегері.

Еуропалық физика олимпиадасы мектеп оқушылары арасындағы физика пәні бойынша ең беделді халықаралық жарыстардың бірі болып табылады. 2025 жылы Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль және 1 құрмет грамотасын иеленген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу