Оған әлемнің 83 елінен 415 оқушы қатысып, қазақстандық оқушылар төрт күміс және бір қола жүлдеге ие болып, 100% нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz ведомствоға сілтеме жасап.
Ерсұлтан Пітебай - Алматы қаласындағы ДББҰ "ФМБ НЗМ" оқушысы;
Алишер Еркебаев - Ақтөбе қаласындағы ДББҰ "ФМБ НЗМ" оқушысы;
Марғұлан Нұрсағатов - Алматы қаласының №165 мамандандырылған лицейінің оқушысы;
Досжан Бисимби - Алматы қаласының "Мирас" халықаралық мектебінің оқушысы;
Даир Нұртаев - Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы;
Құрама команданың жетекшілері- PhD докторы, Сүлейман Демирел атындағы университеттің доценті Самат Мақсұтов және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты Андрей Сидоренко.
"Оқушылардың білімдері мен дағдылары екі тур бойынша сыналды. Бірінші тур теориялық есептер, екінші тур — эксперименттік, онда қатысушылар зертханалық жұмыстар жүргізді. Барлық тапсырмалар қызықты және мазмұнды болды. Олардың шешімі тапқырлық пен рефлексияны қажет етті. Біздің құрама тамаша нәтиже көрсетті", - дейді команданың ғылыми жетекшісі Самат Мақсұтов.
Олимпиадаға қатысқан барлық жылдары қазақстандық оқушылар 114 марапатқа ие болды. Оның ішінде 14 алтын, 45 күміс, 29 қола медаль және 25 құрмет грамота бар.