Қазақстандық оқушылар физикадан халықаралық олимпиадада 5 медаль жеңіп алды

205

Биылғы зияткерлік сайысқа 90 елден 400-ден астам үздік оқушы қатысқан.

Қазақстандық оқушылар физикадан халықаралық олимпиадада 5 медаль жеңіп алды Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстандық оқушылар екі күміс және үш қола медаль жеңіп, халықаралық деңгейде тағы бір мәрте бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Марапат иегерлері:

  • Әмірбек Азатбеков – Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы (күміс);
  • Бекасыл Елубай – Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы (күміс);
  • Әмір Пшенбаев – Астана қаласындағы "Spectrum" халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы (қола);
  • Нұргүл Егенбергенова – Астана қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы (қола);
  • Артур Ким – Астана қаласындағы "Spectrum" халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы (қола).

Ұлттық құраманың ғылыми жетекшілері – PhD докторы, Сулейман Демирель университетінің ассистент-профессоры Самат Мақсұтов және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Алишер Еркебаев.

Айта кетейік, физикадан халықаралық олимпиада алғаш рет 1967 жылы өткізілген. Бұл – әлемдегі ең беделді пәндік жарыстардың бірі. Қазақстан бұл додаға 1997 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді және осы уақыт ішінде ұлттық құрама ондаған медаль жеңіп, жоғары ғылыми әлеуетін көрсетіп жүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу