Қазақстандық оқушылар Гонконгтегі робототехника чемпионатында жүлделі орындарға ие болды

388

Алматының екі командасы әлемнің 30-дан астам елінен қатысқан халықаралық додада бақ сынады.  

Қазақстандық оқушылар Гонконгтегі робототехника чемпионатында жүлделі орындарға ие болды Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі телеграм

Қазақстандық оқушылар Гонконгте өткен FIRST LEGO League Hong Kong Championship 2026 халықаралық робототехника чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биылғы жарысқа әлемнің 30-дан астам елінен 120 үздік команда мен 900-ден астам оқушы қатысты. Қазақстан атынан Алматы қаласының екі командасы бақ сынап, жүлделі нәтижелерге қол жеткізді.

PhysTech School Almaty мектебінің PEAK командасы чемпионаттың ең жоғары марапаттарының бірі – 1st Runner-Up атағын жеңіп алып, екінші орынға ие болды. Сонымен қатар команда Most Innovative Booth Award арнайы жүлдесімен марапатталып, Robot Game санатында 6-орыннан көрінді.

Ал Future Axions 218 командасы Invitational санатында 2nd Runner-Up нәтижесін көрсетіп, халықаралық командалар арасында екінші орынға ие болды.

Қазақстандық оқушылардың бұл жетістігі елімізде STEM-білім беру мен робототехника бағытын дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстардың нәтижесін көрсетеді. Халықаралық жарыстағы табыс олардың жоғары дайындық деңгейі мен инженерлік ойлау қабілетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу