Қазақстандық оқушылар халықаралық физика олимпиадасының жеңімпазы атанды

675

Олар 75 елден келген 368 жасөспіріммен сынға түсті.

Қазақстандық оқушылар халықаралық физика олимпиадасының жеңімпазы атанды

Цюрих қаласында (Швейцария) 10-15 шілде аралығында өткен жарыста еліміздің намысын 5 оқушы қорғаған. Оқушылар керемет нәтиже көрсетіп, Физикадан халықаралық олимпиадада (IPhO) 1 алтын және 4 күміс медаль жеңіп алды, деп жазады inbusiness.kz.

Ұлттық құрама қоржынына Даниил Шатохин алтын және күміс медальді Ерсұлтан Пітебай, Владимир Лим, Дінмұхаммед Рахымжанов және Ризабек Алпамыс әкелді.

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов беделді халықаралық байқаулардың жеңімпаздары ұлттық жоғары оқу орындарында ҰБТ-дан өтпей оқу үшін ақшалай сыйлықтар мен гранттарға ие болатын тағы атап өтті. Сондай-ақ олардың ұстаз-тәлімгерлері де төлем алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу