Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 6 медаль иеленді

611

Бүгін қазақстандық оқушылар физика, биология және химия пәндері бойынша халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында 6 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz Оқу-ағарту министрінің жазбасына сілтеме жасап.  

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 6 медаль иеленді Фото: gov.kz

"Құрама қоржынында 1 күміс пен 5 қола бар. Былтыр оқушыларымыз дәл осы олимпиадада 3 қола медаль иеленген еді. Осылайша, балалар биыл рекорд жаңартты. Зияткерлік сайыс Колумбияның Богота қаласында өтті. Оған әлемнің 60 елінен 300-ге жуық бала қатысты", - деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу