Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада жақсы нәтиже көрсетті

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада жақсы нәтиже көрсетті

24 Шілде 2021 14:26 334

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада жақсы нәтиже көрсетті
Қазақстандық оқушылар Математика және биология пәндері бойынша өткен халықаралық олимпиадаларда 9 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды инбизнес кз БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық құраманың қоржынында математика пәні бойынша бір алтын, үш күміс және екі қола,  биология пәні бойынша бір күміс және екі қола бар.

Халықаралық математика олимпиадасы (IMO-2021)  14-23 шілде аралығында Ресейде онлайн форматта өтті. Зияткерлік байқауға әлемнің 107 елінен 600-дан астам оқушы қатысты. Қазақстанның атынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау және Қарағанды қаласынан алты оқушы, яғни республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары қатысты. Ұлттық құраманы жарысқа тәжірибелі педагогтер мен жаттықтырушылар дайындады. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан жиырмасыншы орынды иеленді.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды, әрбір кезеңде қатысушыларға үш есеп берілді. Екінші тур барысында біздің құрама Қытай, АҚШ, Корея және Ресей қатысушыларын басып озып, керемет көрсеткіштер көрсетті. Осылайша, қазақстандық қатысушылардың барлығы жүлдегер атанды. Мырзатай Айбек алтын, Дүйсенбеков Данат, Сатубалдин Таир, Сам Фетуллах күміс, Олжабаев Асылбек пен Баймурзин Рахим қола медальдарға ие болды.

Халықаралық биология олимпиадасына (IBO-2021) Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен және Ақтөбе қалаларынан төрт оқушы қатысты. Қазақстан құрама командасы республикалық олимпиаданың жеңімпаздарынан жасақталды. Биыл олимпиада Португалияда өтті, басты тақырып ретінде Фернан Магелланның дүниежүзілік саяхаты таңдалды.

Онлайн-форматта өткен олимпиадаға 76 елден 304 оқушы қатысты. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы қоржынына 3 медаль еншіледі. Темірбеков Ерасыл күміс, Батыржанов Ернар және Ерназаров Бақдәулет қола медальдарды иеленді. Қазақстандық төртінші қатысушы Абдуали Гүлдана құрмет грамотасын алды.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтады. 

«Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналарын, мұғалімдері мен жаттықтырушыларын жеңістерімен құттықтаймын! Құрметті оқушылар! Бұл  – сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Сіздер әлемнің жүзден астам еліндегі құрдастарыңызбен зияткерлік сайыста жарысып, еліміздің намысын абыроймен қорғадыңыздар. Болашақта биік белестерді бағындыруды тілеймін! Біз өз тарапымыздан қазақстандық оқушылар өздерін күллі әлемге таныта отырып, халықаралық байқауларда бұдан да үздік нәтижелер көрсетуі үшін жағдай жасауды жалғастырамыз», – деді Асхат Аймағамбетов.

ҚР Білім және ғылым министрі 2021 жылдың басынан бері қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадаларда 200-ден астам медаль жеңіп алғанын атап өтті.

166788

Ұқсас материалдар:

tazhikstan-bahri-tochik-su-kojmasynan-kazakstanga-kosymsha-su-zhiberudi-bastajdy

uyatka-kalgan-deputattar

almatydagy-askeri-instituttyn-kursanty-katarlasyn-bajkausyzda-atyp-aldy

mamandar-eskertui-demalysta-kejbir-onirde-kun-46-graduska-dejin-ysuy-mumkin

baribir-anyktalady-coj-zhalgan-vakcina-tolkuzhatyn-satyp-algandar-turaly

загрузка

×