Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиаданың 4 медалін жеңіп алды

500

Қанжығада екі күміс және екі қола медаль

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиаданың 4 медалін жеңіп алды Фото: gov.kz

Қазақстандық оқушылар Эль-Айн қаласында (БАӘ) өткен биология бойынша 34-ші халықаралық Олимпиадада жеңімпаз атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

IBO - 15 пен 21 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арналған ғылыми жарыс, 1990 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биылғы жарысқа әлемнің 79 елінен 316 оқушы жиналды. Қазақстан құрама командасының қатарында Астана және Алматы қалаларының 4 оқушысы қатысып, барлығы да олимпиаданың жүлделі орындарын иеленді. 

"Медальдар қоржынын екі күміс жүлдемен Омар Дінмұхаммед пен Бақдәулет Ерназаров толықтырды. Ал, қола медальды Ғалымжан Бақтыбай мен Ислам Амангелді алды", - дейді "Дарын" РҒПО зияткерлік іс-шараларды ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің әдіскері Гүлсара Мұқаш.

Халықаралық комитеттің шешімімен биология бойынша 35-ші Халықаралық олимпиада (IBO-2024) Қазақстанда ұйымдастырылады,  біздің еліміз бұл олимпиаданы алғаш рет өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу