Қазақстандық оқушылар химия олимпиадасынан екі алтын, күміс және қола медаль жеңіп алды

421

International Chemistry Olympiad дүниежүзілік ең беделді топ-7 олимпиаданың қатарына кіреді. 

Қазақстандық оқушылар химия олимпиадасынан екі алтын, күміс және қола медаль жеңіп алды Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Сауд Арабиясында IChO-2024 химиядан 56-ші халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті. Біздің барлық оқушымыз жүлделі орын иеленді, оның екеуі — ең жоғарғы марапат, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

International Chemistry Olympiad дүниежүзілік ең беделді топ-7 олимпиаданың қатарына кіреді.

Қазақстан құрамасы үшінші жыл қатарынан жоғары нәтиже көрсетіп келеді.

Биыл жас химиктер қос алтын, бір күміс және бір қола медаль иеленіп, 100% нәтиже көрсетті. 

Ринат Илюсизов — Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы;

Кирилл Ким — Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ 11-сынып оқушысы;

Абылай Кабдулхадыр — Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ 11-сынып оқушысы;

Әділжан Молдағұл —Ақтау қаласы, "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

Қазақстан құрама командасының жетекшілері: Азамат Жақсылықов және Санжар Бегдайыр — республикалық, халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары. 

Айта кетсек, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен құрама команда мүшелері бірнеше республикалық және халықаралық оқу-жаттығу жиындарына қатысып, 2024 жылғы Еуропа және Дүниежүзілік олимпиадаларда 100% нәтиже көрсете білді.

Халықаралық ірі олимпиадаларда жеңіске жеткен оқушыларға еліміздің жоғары оқу орындарына конкурстан тыс грантпен оқуға түсуге мүмкіндік беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу