Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда 7 күн демалады

483

Оқушыларға каникул кезінде арнайы іс-шаралар ұйымдастырылады.

Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда 7 күн демалады Фото: inbusiness.kz

Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуда. Күзгі демалыс 2023 жылдың 30 қазаны мен 5 қарашасын қоса алғанда жеті күнге созылады, деп хабарлайды Inbusiness.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспарын ұсынуда.

Іс-шаралар жоспарына: 

- жоғары сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен бірлесіп ғылыми жоба жұмыстарының мазмұны бойынша ақпараттық-танымдық сабақтар, ЖОО-ның оқытушыларымен кездесулер ұйымдастыру, ғылыми жобалар туралы сұхбаттар өткізу;

- "Балалар кітапханасы" жобасын іске асыру аясында оқырмандармен кездесу ұйымдастыру және оқылған әдебиеттерді талқылау;

- "Отбасылық дәстүрлер" тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізу, "Педагог-бала-ата-ана" бірлесуімен отбасылық дәстүрлер туралы әңгіме жүргізу;

- Қожа Ахмет Яссауидің туғанына 930 жыл толуына орай "Қожа Ахмет Яссауи мұраларын оқу" тақырыбында оқушылар арасында эссе мен жобалық жұмыстар жазу;

- оқушылар арасында "Өнегелі өмір" тақырыбында эссе жазудан байқау өткізу, балалардың үздік жұмыстарын атап өту;

- оқушылармен және олардың ата-аналарымен бірлесіп "Денсаулық сақтаудың 6 шарты – таза ауа, дұрыс тамақтану, қозғалыс, тыныш ұйқы, жақсы көңіл-күй, күйзеліске түспеу" тақырыбында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізу;

- "Әкеге ізет, анаға құрмет" тақырыбында "Жас ақындар айтысы" байқауын ұйымдастыру, жеңімпаздарын марапаттау енгізілді.

Айта кетейік, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жіберіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу