Қазақстандық оқушылар Панамада өткен робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиадада жеңімпаз атанды

372

Сайыста 80-нен астам мемлекеттің 10-19 жас аралығындағы 6-11 сынып оқушылары қатысты. 

Қазақстандық оқушылар Панамада өткен робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиадада жеңімпаз атанды Фото: Beyond Curriculum

Қазақстандық оқушылар Панама қаласында өткізілген робототехника бойынша дүниежүзілік "World Robot Olympiad" олимпиадасында жеңімпаз атанды.

Мақсаты - роботтарды жобалау, бағдарламалау, инженерлік ғылымдар және басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

Робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиаданың қорытындысы бойынша, қазақстандық үш команда жүлдегер атанды. Олар:

  • 2 орын (күміс) "Future Engineers" категориясында астаналық 10-сынып оқушылары Ансар Саурбаев және Амир Карабаев;
  • 3 орын (қола)  "Robo Mission" категориясында Астана қаласының 8-9 сынып оқушылары Вагиз Дисембаев пен Жанарыс Капаров;
  • 3 орын (қола) "Future Engineers" категориясында Қызылорда қаласының 11-сынып оқушылары Максим Усольцев пен Дінмұхамед Әбдиев.

Дүниежүзілік роботтар олимпиадасы ең алғаш 2004 жылы Сингапурда 1-ші роботтар сайыс- фестивалі ретінде өткен болатын. Қазақстан аталған олимпиадаға 2014 жылдан бері қатысып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу