Қазақстандық оқушылар робототехника бойынша 8 әлем чемпионатына қатысады

190

Алматыда өңірдегі ең ірі робототехника және дрондар чемпионаты – Almaty Tech Cup 2025 өтті. 

Қазақстандық оқушылар робототехника бойынша 8 әлем чемпионатына қатысады Фото: Алматы әкімдігі

Оған 6 елден 3000-нан астам адам қатысты. Биылғы жарыстың тақырыбы DIVE болды, ол су астын зерттеу мен экологиялық шешімдерге арналды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Үздік командалар Қазақстан атынан 2025 жылдың 16-19 сәуірінде Хьюстонда (АҚШ) өтетін әлем чемпионатына жолдама алды:

 • FIRST Tech Challenge: PID, JelToqSun, SANA, Cristabol командалары.

 • FIRST LEGO League Challenge: RassLexx және SKILLSET командалары.

 • FIRST LEGO League Explore: Atlantis командасы.

Олар сондай-ақ жетекші әлемдік турнирлерге шақырту алды:

 • Mexico Premier Event (Мексика) – SEN командасы.

 • Zhylandy International Championship (Қазақстан) – xCellence командасы.

 • New England Premier Event (АҚШ) – Bolt.m3 командасы.

 • European Premier Event (Нидерланды) – MLP Prometheus командасы.

 • Лондон (Ұлыбритания) – KIROSHI командасы.

Бұған қоса, қатысушылар ақшалай сыйлықтар мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының гранттарын иеленді.

Қызықты факт: Қазақстандық оқушылар робототехника бойынша 190 елдің арасында үш дүркін әлем чемпионы атанған. 2024 жылы олар Афинада рекорд орнатты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу