Қазақстандық оқушылар робототехникадан әлемдік чемпионатта төртінші орын алды

261

Жарысқа 185 елдің командасы қатысты.  

Қазақстандық оқушылар робототехникадан әлемдік чемпионатта төртінші орын алды Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі телеграм

Қазақстан құрамасы Корея Республикасының Инчхон қаласында өткен FIRST Global Challenge 2026 халықаралық робототехника чемпионатында әлемнің үздік төрт командасының қатарына енді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарысқа 185 елдің өкілдері қатысты.

Қазақстандық оқушылар іріктеу кезеңіндегі 11 кездесудің барлығында жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Нәтижесінде ұлттық құрама әлемдік рейтингте төртінші орынға тұрақтады.

Қазақстан құрамасы бұған дейін FIRST Global Challenge чемпионатында төрт жыл қатарынан жеңімпаз атанған. Биылғы нәтиже де отандық оқушылардың халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін көрсетті.

Ұлттық құрама Оқу-ағарту министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен USTEM Foundation қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырған іріктеу қорытындысы бойынша жасақталды. Команданы дайындау мен қолдауға Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana Hub халықаралық инновациялық кластері қатысып, Astana Motors құрамындағы OMODA & JAECOO брендтері де қолдау көрсетті.

Биылғы жарыста ел намысын Алматыдағы Махатма Ганди атындағы №92 мектеп-лицейінің 9 –11-сынып оқушылары Хусейн Мақсұт, Нұртас Серік, Аспандияр Бердали және Арнур Абдулла, сондай-ақ Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 гимназияның оқушысы Ерасыл Ендібай қорғады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу