Қазақстандық оқушылар робототехникадан үш дүркін әлем чемпионы болды

282

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстандық оқушылар робототехникадан үш дүркін әлем чемпионы болды Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бапасөз қызметі

Грекияда робототехникадан ең ірі чемпионат FIRST Global Challenge өз мәресіне жетті. Қазақстандық оқушылар бірнеше бағыт бойынша көш бастап қана қоймай, 190 елдің арасынан басты жүлдені жеңіп алып, рекордтық нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Баспасөз қызметінің хабарлауыныша, Қазақстан құрамасы үшінші жыл қатарынан өзінің чемпион екенін дәлелдеп келеді. Команданың құрамына Алматы қаласының ФМБ НЗМ-нің оқушылары: Ердәулет Түргенбаев, Әлфия Байжақып, Нұржан Көкеев, Досжан Дайран және Қадылбек Дастан енді. Жаттықтырушылары - Нұрдәулет Досмағамбет пен Дулат Байтуленов.

Grand Challenge Award номинациясы бойынша алтын медаль мен ойындардағы рекордтық ұпай санынан басқа, қазақстандық құраманың жүлде қоры жоғарғы төрешілер номинациясында екі күміс медальмен толықты: А.Эйнштейн атындағы FIRST Global International Excellence және үздік инженерлік әзірлемелер үшін Robots Skills Challenge. Бұдан басқа Әл-Хорезми атындағы Outstanding Supporter номрнациясында күміс медальмен отандық USTEM FOUNDATION жас инженерлерге көрсеткен қолдауы үшін марапатталды.

"Біз жарыста топ жарып, еліміздің жүлде қоржынын алтын медальмен толықтырдық және рекордқа қол жеткіздік. Әлемнің бірде бір елі екі дүркін чемпион бола алмады, ал біздің балаларымыз үшінші жыл қатарынан жеңіс тұғырынан көрінді. Айта кету керек, команда құрамы осы жылдарда қайталанған емес, еліміздің намысын қорғауға әр жарысқа үнемі жаңа ойыншы аттанып отырады, олар сайыстың ұлттық кезеңінде іріктеледі", - дейді қордың негізін қалаушы және құраманың жаттықтырушысы Асылбек Мұрзахметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу