Қазақстандық оқушылар Сингапурға ең ауқымды FIRST GLOBAL CHALLENGE робототехника олимпиадасына барды

419

Биыл байқауға әлем бойынша 190-нан астам ел қатысуда. 

 Қазақстандық оқушылар Сингапурға ең ауқымды FIRST GLOBAL CHALLENGE робототехника олимпиадасына барды Фото: Focus.UA

"Ұлттық кезеңнен кейінгі бір айдың ішінде оқушылар роботтарын қайта жетілдіріп, көптеген функцияларын жаңартты. Біз барша қазақстандықтарды онлайн-трансляцияны көруге және жаңашыл жастарды қолдауға шақырамыз", - деді USTEM FOUNDATION қорының негізін қалаушы Нұрдәулет Досмағамбет.

Жарыс 7, 8, 9 және 10 қазан аралығында өтеді, ол үш күнге созылады. Биылғы тақырып сутегінің отындық мүмкіндігі аясында өтеді, оқушылар имитациялық ойын алаңында сутегі мен оттегі атомдарын сұрыптай алатын роботтарды құрастыруда.

Еске салайық, қыркүйек айында елордада өткен жарыстың республикалық кезеңіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 200-ден астам бала, сондай-ақ Моңғолия мен Өзбекстаннан келген халықаралық командалар қатысқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу