Қазақстандық олигарх Бельгияда қайтыс болды

1149

Еліміздегі ірі өнеркәсіптік компания – Eurasian Resource Group-тың ортақ иелерінің бірі Алиджан Ибрагимов 67 жасында дүниеден өтті. 

Қазақстандық олигарх Бельгияда қайтыс болды

ERG компаниясы бизнесменнің коронавирус дертінен қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарып, жақында осыған қатысты мәлімет жариялауға уәде берді. 

Дегенмен, Vlast.kz басылымының дерегінше, Ибрагимов осыдан екі ай бұрын коронавирус жұқтырып, Бельгиядағы клиникалардың біріне жатқызылған көрінеді. Ол комада болған. 

Алиджан Ибрагимов – ERG-дің ең ірі үш акционерінің бірі. Қазақстан азаматтығы тек Ибрагимовта болған. "Forbes Қазақстан" журналының мәліметіне сүйенсек, оның жиған-терген байлығы шамамен 900 млн доллар. 

Ол 1953 жылдың 5 маусымында Өзбекстанның Ферғана облысында дүниеге келген. Миллиардер Токмокта жерленеді. 

Eurasian Resources Group (ERG) – табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында толық біріктірілген, әлемдегі ең ірі әртараптандырылған компаниялардың бірі. Төрт құрлықта орналасқан 15 елде ERG-дің кәсіпорындары өз саласы бойынша ең ірі жұмыс берушілердің бірі саналады. 2019 жылы Eurasian Resources Group өзінің Қазақстандағы 25-жылдық мерейтойын атап өтті, ал Люксембургтегі кеңсесінің қызметіне 5 жыл толды.

Табиғат Нұрболат

Фото: akipress.org

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу