Қазақстандық олигархтар Лондондағы пәтерлерін сатып жатыр

8736

Еуропаның өзге елдеріне көшуді қалағандар қатарында қазақстандық миллионерлерден бөлек, Ресей, Украинаның азаматтары да бар.

Қазақстандық олигархтар Лондондағы пәтерлерін сатып жатыр

Қазақстандық олигархтар Лондондағы пәтерлерін сатып жатыр. Оған Ұлыбританияның Еуроодақ құрамынан шығуы себеп болған.

Жылжымайтын мүліктерін сатып, Еуропаның өзге елдеріне көшуді қалағандар қатарында қазақстандық миллионерлерден бөлек, Ресей, Украинаның азаматтары да бар. Пәтерлердің бағасы 50 млн еуродан басталады.

Atameken Business тілшісіне ақпарат берген London Relocation Consultancy басшысы Оксана Литман "Ұлыбритания Еуроодақ құрамынан ресми шыққан соң, пәтерлерге деген сұраныс артып, бағалары күрт қымбаттағанын" айтты. Ал ТМД елдерінің Тұманды Альбиондағы тұрғындары салықтық тексеріс пен визалық мәселелердің туындайтынына алаңдаулы екен.

Алаңдайтын мәселе бұл ғана емес. Қаңтардың 31-і күні қабылданған тарихи шешімнен соң Британия тәуелсіз болып, Еуроодақ елдерінен бөлек өмірін бастайды. Соған сай барлық салада өзгеріс болады. Экономика, саясат, әлем елдерімен байланыс жаңаша жанданады. Шетелдіктерге қатысты жаңа визалық тәртіп те қарастырылмақ. Бұл әлбетте, қазақстандықтарға да аз да болса әсерін тигізеді. Жалпы,  Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуы қазақстанға қалай әсер етеді?

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу