Қазақстандық олимпиадашылардың екінші легі Токиоға ұшып келді

978

Спортшылар қатарында еркін және әйелдер күресі, әртістік жүзу, көркем гимнастика мен жүзу, бессайыс пен жеңіл атлетика спортының өкілдері бар. 

Қазақстандық олимпиадашылардың екінші легі Токиоға ұшып келді

Қазақстандық олимпадашылардың тағы бір тобы Алматыдан Токиоға ұшып келді.  Делегация құрамында 44 адам бар, оның ішінде 23 спортшы, жаттықтырушылар, күрделі ғылыми топтардың мамандары мен әкімшілік қызметкерлері деп хабарлайды inbusiness.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап . 

Жапонияға келген соң спортшылар мен жаттықтырушылар карантин аймағында болды. Одан кейін чартерлік рейспен Токиоға жетті. 

Жеңіл атлетика бойынша бәсекелер 30 шілдеде басталады. Әйелдер 100 метр қашықтық пен үш қарғып секіру бойынша бақ сынайды. Жарыс жолына Ольга Рыпакова да шығады. Ол қазіргі таңда Токиода жаттығып жатыр.

Сондай-ақ, Ольга Сафронова, Мария Овчинникова, Ирина Эктова да бақ сынайды. Ерлер арасында 400 метр қашықтық бойынша Михаил Литвин 1 тамызда жарысқа қосылады. 1 тамыздан бастап Эльмира Сыздықова бастаған бұрымды балуандар мен грек-рим  күресінің шебері Мейрамбек Айнағұлов белдеседі. 

2 тамызда әртістік жүзуден Александра мен Екатерина Немичтер, 5 тамызда қазіргі бессайыс бойынша Елена Потапенко мен Павел Ильяшенко, 6 тамызда көркем гимнастикадан Алина Әділханова өнер көрсетеді. 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу