Қазақстандық омарташылар соңғы екі жылда бес елге бал экспорттады

915

Алдағы уақытта аталған өнімдерді экспорттаушылардың тізімін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстандық омарташылар соңғы екі жылда бес елге бал экспорттады

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 2019 жылдың басында қазақстандық омарташыларға Ресей мен Қырғызстанның сарапшыларын шақыра отырып жаппай оқыту шаралары өткізілді. Кейінірек бұл әдіс балды экспорттауда қолданылды.

"Осы жұмыстардың нәтижесінде 2019-2020 жылдары ҚХР, АҚШ, БАӘ, Кипрге бал экспорты бойынша келісімшарттар жасалды. Қытайдың мемлекеттік карантиндік инспекциясы Шығыс Қазақстанда жұмыс істейтін омарташыларға үш рет тексеріс жүргізіп, органикалық өнімдер талаптарына сай келетін шаруашылықтарды іріктеді. 2019 жылдың күзінде "ВКШОС" ЖШС-нің  "Пасека" атты шаруа қожалығы Қытайдың карантиндік инспекциясынан "Эко бал" деген сертификатын алды", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар министрлік Қазақстанда балдың сапасын қадағалайтын, органикалық ара шаруашылығы өнімдерінің табиғилығын анықтау үшін цифрлық технологияларға негізделген инновациялық әдістер әзірлеу қажеттігін жеткізді.

"Бұл әдістер халықаралық талаптарға сәйкес келуі керек", - деп жазылған хабардамада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу