Қазақстандық омбудсмендер адам құқықтары саласында күш біріктіруге келісті

599

Арнайы мандаты бар отандық омбудсмендердің қызметі таныстырылды. 

Қазақстандық омбудсмендер адам құқықтары саласында күш біріктіруге келісті Фото: vlast.kz

10 желтоқса Халықаралық Адам құқықтары күні қарсаңында Астанада Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованың бастамасымен арнайы мандаты бар отандық омбудсмендердің қызметі таныстырылды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

18 қарашада "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Конституциялық заңға Мемлекет басшысы жария қол қойған болатын. Сол күннен бастап күшіне енген бұл заңнама талаптары негізінде Омбудсменнің құзыреті және құқық қорғаушылық қызметтің тетіктері күшейтілген болатын.

Арнайы мандаты бар омбудсмендер азаматтардың, оның ішінде балалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесу жөніндегі жұмыс тәжірибесі туралы айтты. Талқылау барысында зорлық-зомбылық, қатыгездік және жаза сияқты өзекті мәселелер көтерілді. Сонымен қатар, құқық қорғаушылар сапалы білім мен медициналық көмекке қол жеткізу мәселесін қозғады.

Шараға ҚР Парламентінің депутаттары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, Банк омбудсмені Ерсерік Сиырбаев, студенттік омбудсмен Айсұлу Ерниязова, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Руслан Жұманов қатысты. Олар өздерінің практикалық тәжірибелерімен бөлісіп, алдағы уақытта адам құқықтарын қорғау және сақтау саласындағы өзара іс-қимыл жасау жолдарын талқылады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу