Қазақстандық өндірушілер ИННОПРОМ-2022 өнеркәсіптік көрмесіне қатысады

597

2022 жылғы 4-7 шілдеде Екатеринбург қаласында (РФ) ИННОПРОМ "Өнеркәсіптік ауысу: сын-қатерлерден жаңа мүмкіндіктерге" 12 Халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық өндірушілер ИННОПРОМ-2022 өнеркәсіптік көрмесіне қатысады

Көрменің негізгі бағыттары: цифрлық өндіріс, металл өңдеу, көліктік машина жасау, металлургия, энергетикаға арналған технологиялар, жаңа материалдар, компоненттер өндірісі, тау-кен өнеркәсібі.

Компаниялар тау-кен металлургия кешені, машина жасау, химия және фармацевтика өнеркәсібі, құрылыс индустриясы, жеңіл өнеркәсіп, цифрлық индустрия, жасыл энергия, аэроғарыш және қорғаныс өнеркәсібі үшін өнімдер мен шешімдерді ұсынады.

ИННОПРОМ-2022 іскерлік бағдарламасы аясында компаниялар мен өңірлердің конференциялары мен семинарлары жоспарланған.

6-7 шілдеде ИННОПРОМДА құрамдас бөліктерді өндірушілердің форумы өтеді. Бұл шара аясында құрамдас бөліктерді өндірушілер Ресей Федерациясының ең ірі өнеркәсіптік компанияларына өз өнімдері мен технологияларын ұсына алады.

ИННОПРОМ-қазақстандық компаниялар үшін өзін танытуға, келісімшарттар жасауға және жаңа серіктестік байланыстар орнатуға мүмкіндік.

Қазақстан биыл ИННОПРОМ-2022 көрмесінің ресми серіктес елі. Осыған байланысты қазақстандықтар құрамдас бөліктерді өндірушілердің форумына тегін қатыса алады.

Көрменің ресми сайты: expo.innoprom.com

ИННОПРОМ-ға қатысу мәселелері бойынша: shangareeva@formika.ru

ИННОПРОМ-ның іскерлік бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша: chitarra@formika.ru 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу