Қазақстандық өндірушілер су үнемдеу құрылғыларын коммерцияландыруды жоспарлап отыр

145

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлім етті.

Қазақстандық өндірушілер су үнемдеу құрылғыларын коммерцияландыруды жоспарлап отыр Фото: gov.kz

Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (ҚазСШҒЗИ) отандық су үнемдеу құрылғыларын өндірушілермен бірлесіп "Ғылыми негізделген су үнемдейтін суару технологияларын ұйымдастыру және енгізу" жобасын жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоба аясында ҚазСШҒЗИ әзірлеген, пайдалану тиімділігі жақсартылған жаңбырлатқыш саптама негізінде жасалған жаңбырлатып суару машиналарын нарыққа шығару жоспарланып отыр.

Жобаның негізгі міндеттеріне жаңбырлатқыш саптамалар мен жаңбырлатып суару машиналарын өндіру, шығарылатын өнімді сертификаттау, сондай-ақ жаңбырлатып суару машиналарын Қазақстан нарығында сату және кейін экспортқа шығару кіреді.

"Жобаны іске асыру импорттық компоненттерді ҚазСШҒЗИ әзірлеген отандық өнімдермен алмастыруға мүмкіндік береді. Бұл жаңбырлатып суару машиналарының өзіндік құнын төмендетіп, қазақстандық техниканың бәсекеге қабілеттілігін арттырады", – деді ҚазСШҒЗИ бас директоры Серік Саиров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу