Қазақстандық өнертапқыш Илон Масктың турнирінде үздік атанды

517

Турнир Техастың Остин қаласында өткен.

Қазақстандық өнертапқыш Илон Масктың турнирінде үздік атанды Фото: Forbes

Американдық миллиардер Илон Маск өткізген туннель салу турнирінде қазақстандық инженер Санжар Тайжанның командасы үздік атанды. Ол қазіргі таңда АҚШ-та жоғары технологиялар саласында жұмыс істейді. Бұл туралы  inbusiness.kz Forbes сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Турнир Техастың Остин қаласында өткен. Финалға бес команда өтіп, Санжар Тайжанның Warwick Boring командасы үшінші орын алған. 

"Жарыс Техас штатының Остин қаласында өтіп, финалға тек бес команда іріктеп алынды. Байқаудың мақсаты – ұзындығы 30 метр, диаметрі 0,5 метр туннель төсейтін өзіміздің бұрғылау станогымызды жасап, құрастыру болды. Нәтижесінде біз 95 түрлі техникалық сынақтың 90-ын сәтті тапсырып, турнирді үшінші орынмен аяқтадық. Бұл нәтижеге өте қуаныштымын, біз үшін үлкен жетістік", деді қазақстандық жас инженер. 

Олардың жобасын әлемнің танымал компаниялары қолдаған.

"Бізді бұл жарыста танымал компаниялар The James Dyson Foundation мен Siemens қолдап, инвестор болды. Қазір біз электромобильдерге арналған жетілдірілген аккумуляторды жасап жатырмыз. Болашақта басқа да өнімдерді шығару  жоспарымызда бар", – деді Санжар Тайжан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу