Алматыда қоғам қайраткері, оппозициялық саясаткер, диссидент Жасарал Қуанышәлин 74 жасында қайтыс болды, хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Ол жақында ауыр науқастанып, ауруханаға түскен еді. Саясаткер қайтыс болғанын белсенді Ниязбек Юсупов растады.
Қаралы хабарды Юсуповке дәрігерлер айтқан. Ниязбек Юсуповтың айтуынша, 18 мамырда түстен кейін Жасарал Қуанышәлинді дәрігерлер "жасанды тыныс аппаратына жалғаған, алайда жүрегі шыдамаған".
Жасарал Қуанышәлин 1994-1995 жылдары Қазақстан Жоғарғы кеңесінің депутаты болған. Кейін оппозицияға өтіп, түрлі ұйымның қатарында билік саясатын ашық сынап келді. Президент сайлауына түсуге де ниет білдіргенімен, кандидат ретінде тіркеле алмаған.