Қазақстандық отын банкіне уран жеткізу екінші жартыжылдықта басталмақ

610

Энергетика министрлігі нақты күнді Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭЖХА) анықтайтынын атап өтті.

Қазақстандық отын банкіне уран жеткізу екінші жартыжылдықта басталмақ

Қазақстандық отын банкіне төмен байытылған уран алғаш рет 2019 жылдың II жартыжылдығында жеткізіледі, деп хабарлайды LS.

Энергетика министрлігі нақты күнді Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭЖХА) анықтайтынын атап өтті.

"АЭЖХА тендерге сәйкес Қазақстанға НОУ МАГАТЭ банкі үшін 90 тонна байытылған уран өнімін (төмен байытылған уран түрінде) әкелу жоспарлап отыр. Негізгі шығындарды агенттік көтереді. Қазақстан төмен байытылған уранды тікелей сақтауға кететін шығындарға жауап береді", – деп түсіндірді ведомствода.

 Сондай-ақ, энергетика министрлігі агенттіктің осы 90 тонна төмен байытылған уранды жеткізуге қатысты екі келісімшартқа қол қойғанын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, банк ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі 2018 жылдың 29 тамызында өткен болатын. Құрылымның өзі Өскеменде әлемдегі ең ірі уран өндіруші-Үлбі металлургиялық зауытының аумағында орналасқан. Өз кезегінде энергетика министрлігінің басшысы Қанат Бозымбаев отын банкіндегі уран ешкімге қажет болмауы мүмкін екенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу