Қазақстандық паралимпиадашылар қысқы Олимпиада ойындарына Қытайда дайындалып жатыр

1389

Қазақстан сапынан қысқы Паралимпиада ойындарына екі спорт түрінен бес спортшы қатысады.

Қазақстандық паралимпиадашылар қысқы Олимпиада ойындарына Қытайда дайындалып жатыр

Қазақстандық паралимпиадашылар Янцзыакоуда қысқы Олимпиада ойындарына дайындыққа кірісті. Бұл туралы Қазақстан Паралимпиада комитеті мәлімдеп, параспортшылардың Қытайдағы жаттығуынан фотолармен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Паралимпиада ойындарында отандық атлеттер пара шаңғы мен парабиатлон бойынша бақ сынайды. Ел құрама сапынан жарыс жолына шығатын спортшылар келесідей: Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин мен Денис Петренко.

Айта кетерлігі, Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты 4 наурыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22:00-де өтеді. Ашылу салтанатында пара шаңғы жарысынан әлем кубогінің қола жүлдегері Ербол Хамитов Қазақстан паралимпиадалық құрамасының туын ұстап шығады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу