Александр Герлиц 10 шақырымға шаңғымен тұрып жарысуда мәреге 5-інші болып келіп, үздік 5 спортшының қатарына кіріп, жүлде қорын көбейтті, деп жазады inbusiness.kz prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Герлиц мәреге алғашқы болып жеткен қытайлық Ван Чэньяннан 2 минут 3,2 секундқа қалып қойды. Екінші орын француз Б. Давиетке, үшінші орын қытайлық Цай Цзюньге бұйырды.
Бұған дейін Александр Герлиц биатлоннан Паралимпиада ойындарында қола жүлдеге қол жеткізген болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу