Қазақстандық параспортшы Дубайдан жүлделі оралды

461

Халықаралық додаға он шақты мемлекеттен 200-ге жуық параспортшы қатысты. 

Қазақстандық параспортшы Дубайдан жүлделі оралды Фото: inbusiness.kz

Дубайда параармрестлингтен ХХ-Азия Чемпионаты ұйымдастырылып, қазақстандық спортшы Арман Жақсыбаев жүлделі үшінші орын иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz

90 кг салмақта жеті елдің мықтыларымен қол күрестірген спортшымыз жүлделі үшінші орын иеленді. Айта кету керек, Абай облысы Жарма ауданы Суық бұлақ ауылының тумасы Арман бұл додаға халықтың қолдауымен жиналған қаржыға барды.

Арманның ендігі арманы - жазда өтетін әлем чемпионатында бақ сынап, жүлделі болу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу