Отандасымыз Нұрлан Домбай паратаэквондодан Түркияда өткен Әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"5-6 ақпан күндері Түркияның Анталия қаласында паратаэквондодан Әлем чемпионаты өтті. 75 келіге дейінгі салмақ санатында Нұрлан Домбай (44 келі) алтын медаль иеленіп, екі мәрте әлем чемпионы атанды", – деп жазылған Ұлттық паралимпиада комитетінің Фейсбук парақшасында.
Одан бөлек, ел қоржынын павлодарлық Карэн Овсепян қола медальмен толықтырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу