Қазақстандық пауэрлифтер әлем рекордтарын орнатты

1027

Қазақстандық пауэрлифтер әлем рекордтарын орнатты

Бүгін АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан пауэрлифтингтен Әлем чемпионаты мәресіне жетті. Ел намысын қорғауға аттанған жалғыз қазақстандық, 21 жастағы Испандияр Қайыржан әлемнің екі рекордын жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

"Жастар арасында (20-23 жас аралығында) 67,5 келіге дейінгі салмақ санатында екі медаль алдым. Классикалық бітімге тарту дивизионында жеке жаттығу бойынша (Deadlift Only) чемпион атанып, классикалық үшсайыста (Classic RAW) күміс медальға қол жеткіздім. Өз салмағым - 61,5 кг бола тұра, отырып көтеруден 185 кг, жатып көтеруден 125 кг, бітімге тартудан 220 кг тасты бағындырып, үшсайыстың қорытындысы бойынша 530 кг жинадым. Жатып көтеру және бітімге тартудан әлем рекордын орнаттым. Бес жыл дегенде алғаш рет Әлем чемпионатының алтын медалін алдым", - дейді спортшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу