Қазақстандық полицейлер 127 заңсыз қоқыс орнын анықтады

274

32-сі елді мекендерден шалғай жерлерде орналасқан. 

Қазақстандық полицейлер 127 заңсыз қоқыс орнын анықтады Фото: inbusiness.kz

15 сәуірден бастап республика аумағында тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын қоқысқа белгіленбеген жерлерде қалдырып кету, сұйық қалдықтарды заңсыз төгу фактілеріне жол бермеу бойынша арнайы акция өткізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Акция басталғалы бері полицейлер 127 заңсыз қоқыс орнын анықтады. 

“Олардың 32-сі елді мекендерден шалғай жерлерде орналасқан. Жалпы 19 274 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде 5 488 факті ортақ пайдалану орындарын ластаумен, 13 786 факті абаттандыру ережелерін бұзумен байланысты. ІІМ азаматтарды табиғатты аялауға, қоршаған ортаны ластамауға, экологиялық заңнаманы сақтауға шақырады”, - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу