Оқиға 16 желтоқсан күні болған.
"Польша елінің 5 азаматы Қызылорда облысындағы Төретам кентіне келіп, ол жерден велосипед арқылы Өзбекстан Республикасына қарай бармақшы болған. Бірақ та күннің суық болуына байланысты олар жолға шыға алмай, Төретам кентінде ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлерінен көмек сұраған. Тәртіп сақшылары шетелдіктерге көрші елге қалай жетуге болатынын түсіндіріп, велосипедтерімен бірге автобусқа отырғызып көмек көрсеткен", - делінген хабарламада.
Саяхатшылар тәртіп сақшыларына алғыс білдірді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу