Қазақстандық полицейлердің адалдығы тексеріледі

1214

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың тапсырмасы бойынша оның орынбасарлары Алматы және Астана қалаларының патрульдік полициясының жеке құрамына нұсқаулық өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық полицейлердің адалдығы тексеріледі

Марат Қожаев пен Игорь Лепеха еліміздің екі қаласында қоғамдық тәртіпті және халықтың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ететін қызметкерлердің дайындығын тексерді.

Олар қоғамның сұраныстарына ден қойып, қиын жағдайға тап болған азаматтарға уақытылы көмек көрсетуге, сондай-ақ сыпайы мінез-құлық пен этикалық нормаларды сақтауға бағытталған полицияның сервистік моделі аясындағы жұмысты еске салды.

Сондай-ақ полицейлердің заңдылық пен тәртіпті сақтауына ерекше назар аударылды.

ІМ Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде полиция қызметкерлерін адалдыққа тексеру тетігін енгізу мәселесін пысықтауда (Integrity Сһеск). Мұндай тексерулердің нәтижелері қызмет өткеру және аттестация өткізу кезінде ескерілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу